LEONTICE EVERSMANNII BGE. ЖАПЫРАҒЫНЫҢ АНАТОМИЯЛЫҚ – ДИАГНОСТИКАЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІ
Аннотация
Мақалада Түркістан облысында субдоминантты таралған Leontice eversmannii Bge. жапырағының ішкі құрылымындағы ерекшеліктері көрсетіледі. Химиялық құрамынан биологиялық белсенді заттар табылған Leontice eversmannii Bge. өсімдігін дәрілік шикізат ретінде ресми медицинада қолдануға енгізу үшін, түрге тән анатомииялық – диагностикалық белгілері анықталды. Мұздатқыш микротоммен жапырақтың уақытша микропрепараттары жасалып, микроскопиялық зерттеу әдісі арқылы жапырақтың ішкі құрылымы зерттелді. L. eversmannii жапырағы – дорсовентральды, жапырақ тақтасы амфистоматикалық типке жатады. Өткізгіш шоқтары жиі орналасқан, типі - жабық коллетеральды. Негізгі жүйкесі орналасқан бөлікте механикалық ұлпалар – склеренхима мен колленхима клеткалары өте жақсы дамыған. Түрдің негізгі диагностикалық белгілерінің бірі лептесік аппараты – аномоцитті. Зерттеу нәтижесінде алынған жапырақ құрылымы туралы мәліметтер өсімдіктің өсу ортасына байланысты ерекшеліктерін, өзі екендігін айқындауға қолданылады.
Автор
Есеналиева Мейрім Бақытханқызы
DOI
10.52301/1684-940X-2024-4-18-23
Ключевые слова
Leontice eversmannii Bge., Түркістан облысы, анатомиялық – диагностикалық белгілер, дәрілік шикізат
Год
2024
Номер
Выпуск 4