Зертханалық жағдайда ластанған топырақтағы химиялық элементтердің биоиндикатор ағзасында жинақталуы
Аннотация
Мақалада Өскемен қаласындағы Үлбі металлургиялық зауытының маңындағы топырақтың ластану деңгейі биоиндикациялық әдіспен анықталған. Зерттеу объектісі ретінде Achatina fulica ұлулары алынып, олардың ағзасындағы ауыр металдар мен макроэлементтердің өзара байланысы және жинақталу динамикасы бақыланған. Эксперименттік зерттеу жұмысы 40 ұлуға 48 күн бойы жүргізілген. Таңдалған жануарларға ауыр металдармен ластанған топырақ субстрат ретінде қолдаланылған. Олардан апта сайын биологиялық үлгілер алынып, ағзасындағы әртүрлі химиялық элементтердің мөлшерін анықтау үшін масс-спектрометриялық әдіспен элементтік талдау жүргізілген. Жиналған деректер арқылы топырақтағы ластаушы заттардың тірі ағзаға әсері мен жинақталу қарқыны талданған. Зерттеу нәтижелері биоиндикатор ағзаларды қоршаған ортаның мониторингіне қолдану тиімділігін дәлелдейді.
Автор
Қыдырмолдина Айнұр Шаймұратқызы
Абаева Аружан Жалыновна
Тұрсынхан Ескендір Мақсатұлы
Амангелді Толғанай Амангелдіқызы
Омарханова Эльмира Қаирғазықызы
Жайрбаева Рысжан Сагдолдина
Қожахметова Эльмира Ошановна
Оберкулова Ляззат Ахметуллаевна
DOI
10.52301/1684-940X-2025-2-23-33
Ключевые слова
ұлулар
Achatina fulica
биоиндикация
экологиялық мониторинг
ауыр металдар
макроэлементтер
топырақ ластануы
Год
2025
Номер
Выпуск 2