БИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА ОРТА БУЫН СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ЗЕРТТЕУ
Аннотация
Аңдатпа
Бұл зерттеу жұмысы 2022 жылы Павлодар қаласындағы дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназияда жүргізілді. Биология сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын бағалау үшін 6, 8, 9 сыныптардағы 67 оқушыдан сауалнама алынды. Сауалнама нәтижесінде барлық мектеп оқушылары мәтінмен жұмыс істеу кезінде негізгі кілтті сөздерді бөліп көрсетуде, тақырыптың негізгі идеясын табуда қиындықтарға тап болатыны анықталды. 9-сынып оқушыларының оқылатын материалды іс жүзінде игеруге, зерттеушілік дағдыларын дамытуға көбірек көңіл бөлгенді қалайтындары белгілі болды. Жоғарыда аталған қиындықтарды шешу үшін биология сабағында оқушыларға тақырыптың мазмұнын түсінуге, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға, өздік жұмыстарына көп көңіл бөлуге, ғылыми-зерттеу жұмыстарына тартуға бағытталған тапсырмалар ұсынылды. Бұл тапсырмаға келесі әдістерді қолдану арқылы қол жеткізілді: «кілт сөздерді таңдау», «реттелген ассоциация әдісі», « артық сөзді алып тастау», «кеңістіктік таңбалау әдісі» т.б. Сонымен қатар, 9-сынып оқушыларының практикалық жұмысты орындау кезінде объектіні зерттеу ретін тұжырымдау және қажетті ақпаратты өз бетінше жинау дағдылары қалыптасты.
Автор
Нурмаганбетова Гульсара Ануарбековна, «7М01551 Биология» мамандығы бойынша магистрант, Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті, Павлодар қ., Қазақстан, e-mail: gulsara.anuarbekovna@mail.ru. Кабиева Салтанат Жумабаевна, б.ғ.к, жаратылыстану жоғары мектеп қауымдастырылған профессоры, Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті, Павлодар қ., Қазақстан, e-mail: Dairbaevasg@mail.ru. Шамхиева Айсара Айткалиевна, аға оқытушы, Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті, Павлодар қ., Қазақстан, e-mail: muhanovaa@mail.ru Нурмаганбетова Гульсара Ануарбековна, магистрант, по специальности «7М01551 Биология» естественных наук, Павлодарский педагогический университет имени Әлкей Марғұлан, Павлодар, Казахстан, e-mail: gulsara.anuarbekovna@mail.ru. Кабиева Салтанат Жумабаевна, к.б.н., ассоциированный профессор Высшей школы Естествознания, Павлодарский педагогический университет имени Әлкей Марғұлан , г. Павлодар, Казахстан, e-mail: Dairbaevasg@mail.ru Шамхиева Айсара Айткалиевна, старший преподаватель, Павлодарский педагогический университет имени Әлкей Марғұлан, г. Павлодар, Казахстан, e-mail: muhanovaa@mail.ru Nurmaganbetova Gulsara Anuarbekovna, Master's student, specialty "7M01551 Biology" of Natural Sciences, Pavlodar Pedagogical University named after Alkey Margulan, Pavlodar, Kazakhstan, e-mail: gulsara.anuarbekovna@mail.ru . Kabieva Saltanat Zhumabaevna, PhD, Associate Professor of the Higher School of Natural Sciences, Pavlodar Pedagogical University named after Alkey Margulan, Pavlodar, Kazakhstan, e-mail: Dairbaevasg@mail.ru Shamhieva Aisara Aitkalievna, senior lecturer, Pavlodar Pedagogical University named after Alkey Margulan, Pavlodar, Kazakhstan, e-mail: muhanovaa@mail.ru
DOI
10.52301/1684-940X-2023-1-57-66
Ключевые слова
Түйінді сөздер: функционалдық сауаттылық, зерттеу жұмыстары, мәтіндік жұмыс, мәтіндегі түйін сөздер.
Год
2023
Номер
Выпуск 1